Center Image
IHSAN.KZ
Жастарға адал еңбек пен адал қоғамның маңызы түсіндірілді
Жастарға адал еңбек пен адал қоғамның маңызы түсіндірілді

Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде жастарға «Адал ас, адал еңбек – адал қоғам» тақырыбында тағылымды насихат жұмысы жүргізілді.

Кездесу барысында мешіт имамы Ерлан Мамайұлы жастарға адалдықтың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, адал еңбектің берекесі мен қоғамның дамуына қосатын үлесіне тоқталды.

Имам өз сөзінде әрбір адамның еңбегіне жауапкершілікпен қарап, адал жолмен нәпақа табуының маңызын атап өтті. Сондай-ақ адал ас ішудің, маңдай термен еңбек етудің және өзгеге зиян келтірмей өмір сүрудің ислам дініндегі орны кеңінен түсіндірілді.

Жастарға қоғамның берік болуы әр азаматтың адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты екені айтылып, өтірік, алдау, парақорлық және аманатқа қиянат жасау секілді теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырылды.

Сонымен қатар отбасына, ата-анаға, қоғамға және Отанға адал қызмет ету – әр азаматтың маңызды міндеттерінің бірі екені түсіндірілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz