Center Image
IHSAN.KZ
Осакаровкада рухани Мәуліт кеші өтті
Осакаровкада рухани Мәуліт кеші өтті

Осакаровка аудандық мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай жамағатқа рухани тағылым сыйлаған Мәуліт кеші өтті.

Ізгі шара аудандық мешіт имамы Құлайберген Серікұлының ұйымдастыруымен өтіп, оған аудан жамағаты, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен дін қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Сұлтан Аманжолұлы Мәуліт оқып, жиналған көпшілікке Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өмірі мен өнегесі, көркем мінезі және адамзатқа қалдырған тағылымы жөнінде насихат айтты.

Рухани кеште ардақты Пайғамбарымыз ﷺ-ға деген сүйіспеншілікті арттыратын мағыналы уағыз-насихаттар айтылып, жамағатқа имандылық, бірлік, ізгілік пен адамгершілік құндылықтары кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ шара барысында Мәуліт жырлары оқылып, рухани әндер мен күйлер орындалып, кештің мазмұнын аша түсті. Ақсақалдар мен дін қызметкерлері ізгі тілектерін білдіріп, жамағатқа батасын берді.

Мәуліт кеші соңында жиналған қауымға арнайы дастархан жайылып, жамағат арасында өзара бауырластық пен татулықты нығайтатын жылы жүздесу жалғасты.

Осындай тағылымды рухани шаралар Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірін насихаттап, халықтың діни сауатын арттыруға, имандылық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz