ҚМДБ-ның жылдық жоспары аясында «Дәстүр және отбасы құндылығы» бағыты бойынша Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жас отау иелерімен арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Тағылымды басқосудың негізгі мақсаты – жас отбасыларға ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті арттыру, сондай-ақ отбасы институтының маңызын кеңінен түсіндіру.
Кездесу барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жас жұбайлардың некесін қиып, оларға ақ батасын беріп, шаңырақтарына береке мен ынтымақ тіледі.
Сонымен қатар имам отбасы құндылықтары, ер мен әйелдің отбасындағы орны мен жауапкершілігі, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен сабыр, бала тәрбиесі және ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар берудің маңызы жөнінде кеңінен насихат жүргізді.
Жастарға отбасын құру – үлкен жауапкершілік екені, шаңырақтың беріктігі өзара құрмет, сенім, кешірім мен түсіністікке негізделетіні айтылды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы да сөз болды.
Кездесу соңында жас отау иелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, отбасы өміріне қатысты пайдалы кеңестер алды.
Мұндай тағылымды кездесулер – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттап, берік шаңырақ қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы