Ақтоғай аудандық мешітінің имамы Еркін Әуелбекұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Ақтоғай ауданындағы үш мектепте білім алатын оқушыларға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық шарасы барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға 30 мектеп сөмкесі мен қажетті оқу құралдары сыйға тартылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға қолдау көрсетіп, олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы