Ақтоғай аудандық мешітінде оқу-ағарту бағыты бойынша аудан имамдарына арналған семинар өтті.
Семинарды Ақтоғай аудандық мешітінің ұстазы Дархан Әшімханұлы жүргізді. Жиын барысында имамдардың діни білімін жетілдіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру бағыттары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар алдағы уақытта өтетін Қарағанды облысы дін қызметкерлерінің республикалық кезекті аттестациясына дайындық мәселелері пысықталды. Аттестация барысында қарастырылатын бағыттар бойынша дайындық жұмыстарын жүйелеу, білім деңгейін жетілдіру және қажетті материалдарды қайталау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын соңында дін қызметкерлері өзара пікір алмасып, оқу-ағарту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы