Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Жастар және отбасы» тақырыбында рухани іс-шара өтті
Теміртауда «Жастар және отбасы» тақырыбында рухани іс-шара өтті

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде жастар мен отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған «Жастар және отбасы» тақырыбында рухани-танымдық іс-шара өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін қалыптастыру және ұлттық әрі рухани тәрбиенің маңызын түсіндіру.

Кездесу барысында отбасының қоғамдағы орны, жастар тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен жауапкершілік, ата-анаға құрмет көрсету сынды өзекті мәселелер қозғалды.

Іс-шараға мешіт жамағаты мен жастар қатысып, тақырып аясында өзара пікір алмасты. Қатысушылар отбасылық құндылықтарды сақтаудың және жастардың рухани тәрбиесіне көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында жастарға отбасы берекесін сақтау, үлкендерді құрметтеу және ізгілік жолында еңбек ету жөнінде насихат айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz