Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай мешіт жамағатына арналған рухани кеш өтті.
Рухани шараның мақсаты – жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің өнегелі өмірі мен көркем мінезін насихаттап, мұсылмандық құндылықтарды дәріптеу.
Кеш барысында мешіт имамы Мирас Ерланұлы жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар Пайғамбарымыз ﷺ-ге деген сүйіспеншіліктің маңызы мен оның өнегелі жолын ұстанудың мәні жөнінде насихат айтты.
Жиын барысында жамағатқа рухани тағылым беретін уағыздар айтылып, Мәуліт айының мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы