Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж жеті отбасыға ет және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері табысталды.
Қайырымдылық көмегі отбасының әлеуметтік жағдайын жеңілдетіп, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталды.
Шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің, қиындыққа тап болған отбасыларға жанашырлық танытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қайырымдылық пен өзара көмек – қоғамдағы береке мен бірлікті нығайтатын ізгі амалдардың бірі екенін атап өтті.
Мешіт ұжымы осындай игі бастамалар арқылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетуді жалғастырып келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы