Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
«Жыржыс қажы» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қайырымдылық шарасы барысында 10 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары мен керек-жарақтар табысталып, балаларға қуаныш сыйланды.

Мешіт имамы Ерлан Мамайұлы жас жеткіншектерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолында талмай ізденіп, жақсы нәтижелерге жетулеріне тілегін білдірді.

Ізгі шараның мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауына жағдай жасау, сондай-ақ қоғамдағы қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

«Мектепке жол» акциясы аясындағы мұндай игі бастамалар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, көпшілікке қайырымдылық жасауға үндейді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz