Center Image
IHSAN.KZ
Құнанбай қажы мешітінде жастар арасында спорттық шара өтті
Құнанбай қажы мешітінде жастар арасында спорттық шара өтті

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде мешіт жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың өзара ынтымағын арттыру мақсатында спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Игі шара барысында мешіт жастары табиғат аясында бас қосып, түрлі спорттық ойындарға қатысты. Шәкірттер атқа мініп, ұлттық ат спортына қызығушылықтарын арттырса, табиғат аясында доп ойнап, белсенді демалыстың үлгісін көрсетті.

Спорттық шара барысында жастар ұйымшылдық, ептілік пен шапшаңдықтарын байқатып, өзара достық қарым-қатынастарын нығайтты. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, денсаулықты күту мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай тағылымды шаралар жастардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың бос уақытын пайдалы өткізуіне, табиғатты аялауына және ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz