Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында мешіт ұжымы мен демеушілердің қолдауымен 17 балаға мектепке қажетті заттар табысталып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйланды.
Шара барысында мешіт имамы Құнбаев Орманбет Болатұлы жиналған жамағатқа білімнің қадір-қасиеті туралы тағылымды уағыз-насихат айтып, жаңа оқу жылын бастағалы отырған балаларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Игі шараның мақсаты – балаларға қолдау көрсету, білім алуға деген ынтасын арттыру және қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы