Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралы ауылдарында мәуліт кештері ұйымдастырылды
Қарқаралы ауылдарында мәуліт кештері ұйымдастырылды

Қарқаралы ауданына қарасты Нүркен және Қарабұлақ ауылдық мешіттерінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай жамағатқа арналған рухани кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, жамағат бір-бірімен жүздесіп, рухани бас қосты. Шарада мешіт имамдары Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің өнегелі өмірі, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған асыл өсиеттері мен сүннетінің маңызы туралы тағылымды уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар, Мәуліт айының мәні мен маңызы түсіндіріліп, жамағатты Пайғамбарымыз ﷺ-ге деген сүйіспеншілікті арттыруға, оның көркем мінезін өмірде үлгі етуге және имандылық құндылықтарын берік ұстануға шақырды.

Рухани кеш соңында жамағатқа ақ баталар беріліп, игі шара өзара сыйластық пен береке-бірліктің жарасымды үлгісіне айналды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz