Center Image
IHSAN.KZ
«Хазірет Али» мешітінде рухани Мәуліт кеші өтті
«Хазірет Али» мешітінде рухани Мәуліт кеші өтті

Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай мешіт жамағатына арналған рухани Мәуліт кеші өтті.

Кеш барысында мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жамағатты Мәуліт айының келуімен құттықтап, бұл айдың мұсылман қауымы үшін маңыздылығына тоқталды.

Рухани кешке Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлы және мешіт қариы Абдулла қаридың қатысуымен Мәуліт оқылып, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өмірі мен өнегелі қасиеттері, көркем мінезі мен үмбетіне қалдырған өсиеттері жайында тағылымды уағыз-насихат айтылды.

Сондай-ақ кеш барысында Құран аяттары оқылып, жамағатқа рухани әсер сыйлайтын игі насихаттар айтылды. Жиын соңында жамағатқа арнайы дастархан жайылып, қонақтарға дәм ұсынылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz