ҚМДБ-ның жылдық жопары аясында жаңа оқу жылының басталуына орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 100 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.
Игі шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы шара барысында жас жеткіншектерді келе жатқан білім күнімен құттықтап, өзінің ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ, берекелі шараның өтуіне ат салысқан жомарт жандарға ризашылығын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы