Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде Халықаралық жастар күніне орай жастарға арналған «Жастар және отбасы» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастар мен отбасы құндылықтары, отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік, сондай-ақ жастардың қоғамдағы рөлі туралы маңызды тақырыптар қозғалды.
Семинар-тренинг барысында қатысушыларға тағылымды насихат айтылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Шара жастардың рухани дамуына және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы