Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінің асханасында жөндеу жұмыстары жүргізілді
«Нұр» мешітінің асханасында жөндеу жұмыстары жүргізілді
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің асханасында кезекті күрделі жөндеу жұмыстары жалғасын табуда.

Жамағатқа қолайлы әрі жайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жөндеу жұмыстары аясында асхананың ішкі бөлігі кезең-кезеңімен жаңартылуда. Атап айтқанда, еденге жаңа керамогранит төселіп, асхананың ішкі келбетін жаңғырту және пайдалану сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Мешіт асханасы – жамағат бас қосатын, қайырымдылық дастархандары мен түрлі игі шаралар ұйымдастырылатын маңызды орындардың бірі. Осыған орай асхананы заман талабына сай жаңартып, келушілерге барынша қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Алдағы уақытта да жөндеу және абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Игі іске қолдау білдіріп, мешіттің көркеюіне үлес қосып жатқан барша азаматтарға Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті атынан алғыс білдіреміз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz