Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
«Ар-Рахман» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Қайырымдылық керуені» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін 25 балаға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары табысталды.

Игі бастаманың басты мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына мүмкіндік жасау, білімге деген құштарлығын арттыру.

Қайырымдылық – жүректен шығатын ізгілік. Бір балаға жасалған жақсылық – оның болашағына жасалған үлкен қолдау. Осындай игі шаралар қоғамдағы мейірімділік пен өзара жанашырлықты арттыруға, балаларға қамқорлық көрсетуге бағытталғаны атап өтілді.

Шара соңында бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, білім жолындағы әр қадамына береке мен жетістік тіленді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz