Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде Мәулітке орай жастарға уағыз-насихат айтылды
«Әл-Машани» мешітінде Мәулітке орай жастарға уағыз-насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, «Жастар ісі» секторының және Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жастарына Мәуліт мерекесіне орай уағыз-насихат айтылды.

Кеш барысында жастарға Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірі, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері мен сүннеті жайлы тағылымды насихаттар айтылды. Жастарға Алла елшісінің ﷺ өмірінен үлгі алып, көркем мінезді болудың, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызы түсіндірілді.

Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылған рухани кеш жастардың діни сауатын арттырып, имандылыққа, бірлікке, бауырмалдық пен ізгілікке үндеді.

Алла Тағала игі амалдарымызды қабыл етіп, баршамызға Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі жолы мен сүннетін берік ұстануды нәсіп етсін!



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz