Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің жамағаты арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дәріптеу мақсатында футболдан сайыс өтті.
Спорттық шараға мешіт жамағаты белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен ойын барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты.
Жарыстың негізгі мақсаты – жамағат арасында ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы