Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен мешіт жастарына арналған «Жастар және салауатты өмір салты» атты спорттық шара өтті.
Шара барысында жастар арасында футбол ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар өзара командалық сайыста бақ сынады. Спорттық ойын жастардың белсенділігін арттырып, шапшаңдық, төзімділік және командалық ауызбіршілікті қалыптастыруға ықпал етті.
Сонымен қатар шара барысында жастарға денсаулықты нығайту, бос уақытты пайдалы өткізу, спортпен тұрақты айналысу және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызы жөнінде насихат айтылды.
Тағылымды спорттық шара жастардың дене шынықтырумен қатар, өзара сыйластық пен бауырмалдықты нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы