Center Image
IHSAN.KZ
«Жанқұтты би» мешітінде мәуліт оқылды
«Жанқұтты би» мешітінде мәуліт оқылды

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай мешіт жастарының қатысуымен рухани тағылымға толы Мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Кеш барысында жамағатпен бірге Мәуліт оқылып, Алла елшісі Мұхаммед ﷺ-ның өмір жолы, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған өнегесі дәріптелді. Жастарға Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетін ұстанудың, ізгілік пен имандылықты өмірлік ұстаным етудің маңызы түсіндірілді.

Шара барысында мешіт имамы Берік Алпысбайұлы жамағатқа «Мәуліт – Пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің көрінісі» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Имам өз сөзінде Мұхаммед ﷺ-ның үмбетіне деген мейірімі, сабырлылығы, кешірімділігі мен көркем мінезі жайында айтып, жастарды Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі жолынан үлгі алуға шақырды.

Сонымен қатар, жастар арасында ауызбіршілік пен бауырмалдықты арттыру, мешітке тұрақты келіп, рухани білімдерін жетілдіру жөнінде насихат айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz