Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі «Сәлкен молла» мешітінде «Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында жұма уағыз-насихаты жүргізілді.
Жамағатқа «Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмірі» тақырыбында насихат айтылып, Алла Елшісінің (с.а.с.) көркем мінезі, мейірімділігі, сабырлылығы мен адамзатқа үлгі болған асыл қасиеттері кеңінен сөз болды.
Уағыз барысында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) отбасына, сахабаларына және жалпы қоғамға деген қарым-қатынасы баяндалып, мұсылман баласының күнделікті өмірінде пайғамбарлық өнегені басшылыққа алуының маңызы түсіндірілді.
«Көшпелі уағыз керуені» жобасының негізгі мақсаты – елді мекендердегі жамағатқа рухани насихат жеткізіп, дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы