Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара мешіт имамы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен және дін жанашырларының қолдауымен өтті.
Қайырымдылық акциясы барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 20 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары табысталды.
Шараның негізгі мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, көтеріңкі көңіл күймен бастауына мүмкіндік жасау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы