Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның жылдық жопары аясында  жаңа оқу жылының басталуына  орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. 

Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 100 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. 

Игі шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы шара барысында жас жеткіншектерді  келе жатқан білім күнімен құттықтап, өзінің ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ, берекелі шараның өтуіне ат салысқан жомарт жандарға ризашылығын білдіріп, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының алғыс хатымен марапаттады.

Айта кетейік, Облыстық «Әнет баба»  мешітінен бастау алған игі шара қаладағы басқа да мешіттерде өз жалғасын табуда.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz