Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен зағип жандарға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсетілді.
Шара барысында зағип жандардың отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға және зағип оқушыларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары табысталды.
Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне үлес қосу, сондай-ақ қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Шара барысында мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, білім алуға талпынып, жақсы нәтижелерге жетуге шақырды.
Өз кезегінде Зағиптар орталығының қызметкерлері мешіт ұжымына көрсеткен қолдауы мен қайырымдылық көмегі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы