Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік рухани уағыз-насихат кеші ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жамағатқа «Соңғы пайғамбар, пайғамбарлардың төресі» тақырыбында тағылымды насихат айтылды. Уағызда адамзатқа соңғы пайғамбар ретінде жіберілген Мұхаммед ﷺ пайғамбарымыздың өмір жолы, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өнегесі мен сүннетінің маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар Пайғамбарымыздың ﷺ бала кезінен бастап пайғамбарлық кезеңіне дейінгі өмірі, Мекке мен Мәдинадағы кезеңдері, сахабаларымен қарым-қатынасы және үмбетіне деген мейірімі жайлы маңызды мәліметтер айтылды. Жастарға ардақты Елшінің ﷺ өнегелі өмірінен үлгі алып, оның көркем мінезін бойға сіңірудің маңызы түсіндірілді.
Кеш барысында жастардың діни білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Мұхаммед ﷺ пайғамбарымыздың өмірбаянына қатысты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдерін сынап, Пайғамбарымыздың ﷺ өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары ойын жастарға ерекше көңіл-күй сыйлап, олардың өзара етене араласуына мүмкіндік берді.
Жиын соңында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, тақырып аясында пайдалы мәліметтермен сусындады.
Рухани кештің негізгі мақсаты – жастардың Пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілігін арттыру, оның көркем мінезі мен сүннетін өмірде үлгі етуге үндеп, діни білімін тереңдетуге ықпал ету.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы