Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлері мен жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футболдан сайыс өтті.
Спорттық шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты.
Шара аясында жастарға дене шынықтыру мен спорттың адам денсаулығына пайдасы, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде насихат айтылды.
Футбол сайысының негізгі мақсаты – жастарды спортпен тұрақты айналысуға баулу, белсенді өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ олардың арасында бірлік пен бауырмалдықты нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы