Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл имамдарының жиыны өтті.
Жиынға аудан аумағындағы ауыл-аймақ имамдары, дін қызметкерлері, молдалар мен ұстаздар қатысты.
Кездесу барысында ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясындағы жұмыстарды жандандыру, төрт бағыт бойынша атқарылатын іс-шараларды жүйелеу, діни оңалту жұмыстарын жетілдіру, онлайн насихатқа ерекше көңіл бөлу және Ихсан ілімін кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар имамдардың уағыз айту әдебі мен мәдениеті, жамағатпен қарым-қатынас жасау, ас беру мәдениетін қалыптастыру сынды өзекті мәселелер ортаға салынды.
Жиын барысында аудан имамы Ерлан Мамайұлы уағыз-насихат жұмыстарының мазмұны мен сапасына тоқталып, имамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ мешіттердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жамағат арасында бірлік пен отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы