Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітіне бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді
«Қажыбай қажы» мешітіне бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді

Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітіне басқару-бақылау жұмыстарын жүргізді.

Сапар барысында мешіт имамы Жандос Әшімұлы құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, аймақтағы діни қызметкерлердің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат берді.

Аудан имамы мешіттің ішкі және сыртқы аумағын аралап, тазалық жұмыстарына назар аударды. Сонымен қатар ғимараттың жағдайы тексеріліп, алдағы қыс мезгіліне дайындық барысы пысықталды.

Бұдан бөлек, «Қажыбай қажы» мешітінің жанындағы діни сауат ашу орталығының жұмысымен танысып, ондағы оқу үдерісінің ұйымдастырылуына көңіл бөлді.

Кездесу соңында аудан имамы мешіттің қызмет барысына оң бағасын беріп, жергілікті имамға діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға сәттілік тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz