Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінің наиб имамы Ансар Мейрамұлына Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты шарада қызметтік жолдама табысталды.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ орталық аппаратының қызметкерлері, 2025–2026 оқу жылының діни оқу орындарын тәмамдап, діни қызметке бөлінген түлектері қатысты. Сондай-ақ, облыс Бас имамдары мен ҚМДБ бағыттарына жауапты мамандар шараға онлайн форматта қосылды.
Қатысушыларға ҚМДБ қызметінің негізгі бағыттары туралы бейнеролик көрсетілді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз баяндамасында жас мамандардың діни қызметтегі жауапкершілігіне тоқталып, алған білімдерін халыққа қызмет ету жолында тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.
Бас мүфти түлектерге қызметтеріне сәттілік тілеп, ауылдық жерлердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жандандыруға, жамағатпен тығыз байланыс орнатуға және ел бірлігі мен рухани құндылықтарды нығайтуға үлес қосуға шақырды.
Шара соңында Бас мүфти жас мамандарға бата беріп, қатысушылар естелік суретке түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы