Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы ауданға қарасты Тасшоқы ауылдық мешітіне басқару-бақылау жұмыстарын жүргізді.
Мешіттің ағартушылық, ғибадат пен құлшылық, тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.
Сондай-ақ, мешіттердің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.⠀
Мешіт имамы ауылдың қазіргі діни ахуалы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аудан имамы ауылдық мешіт қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті имамның жұмысына сәттілік тіледі.⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы