Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы ауданға қарасты бірқатар ауылдық мешіттерге басқару-бақылау жұмыстарын жүргізді.
Атап аййтқанда, ауданға қарасты Көкпекті ауылдық мешіті, Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешіті, Петровка ауылдық мешітінің бүгінгі тынысынан хабар алды.
Одан бөлек мешіттердің ағартушылық, ғибадат пен құлшылық, тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.
Сондай-ақ, мешіттердің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.⠀
Мешіт имамдары өңірдің қазіргі діни ахуалы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аудан имамы аталмыш ауылдық мешіттердің қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы