Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде имам жастармен кездесіп, отбасылық құндылықтар және жас отбасыларды қолдаудағы «Аталар мектебінің» маңызы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында ұлттық тәрбие, үлкенді сыйлау, отбасындағы жауапкершілік, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық және ұрпақтар сабақтастығы мәселелері сөз болды.
Имам жастарға отбасы құру – үлкен жауапкершілік екенін айтып, шаңырақтың берекесі өзара түсіністік, құрмет пен сабырдан басталатынын атап өтті. Сонымен қатар аталар мен әкелердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі жас отбасылар үшін маңызды тәрбие мектебі екеніне тоқталды.
«Аталар мектебі» арқылы жас буынға ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, үлкендердің өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы