Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде жамағатқа жат ағымдардың жетегіне ермеу, діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану жөнінде уағыз-насихат айтылды.
Кездесу барысында дінді дұрыс әрі сенімді дереккөздерден үйренудің маңыздылығы түсіндіріліп, діни ақпаратты әлеуметтік желілерден талғамсыз қабылдаудың қауіпті тұстарына назар аударылды.
Сондай-ақ мешіт жамағатына дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту, ата-баба дәстүрімен сабақтасқан діни ұстанымдарды құрметтеу жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
Жамағатқа күмәнді діни идеологиялардан сақтанып, діни мәселелер бойынша білікті имамдар мен ұстаздарға жүгінудің маңыздылығы ескертілді.
Іс-шараның мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, дұрыс діни түсінікті қалыптастыру және жастар мен мешіт жамағатын жат идеологиялардың ықпалынан сақтандыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы