Center Image
IHSAN.KZ
Ақжал мешітінде садақ атудан сайыс өтті
Ақжал мешітінде садақ атудан сайыс өтті

Шет ауданына қарасты Ақжал кенті мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу мақсатында садақ атудан сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, ата-бабадан қалған дәстүрлі спорт түрлерін жамағат арасында кеңінен дәріптеу және жастарды салауатты өмір салтына баулу.

Сайыс барысында қатысушылар садақ атудың қыр-сырын көрсетіп, өзара бақ сынасты. Ұлттық спортқа қызығушылық танытқан жамағат мүшелері белсенділік танытып, тартысты бәсекенің куәсі болды.

Шара барысында садақ атудың халқымыздың тарихы мен мәдениетіндегі орны туралы да айтылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы түсіндірілді.

Осындай тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор шаралар жамағаттың бірлігін арттырып, ұлттық өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруға септігін тигізеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz