10 тамыз – Абай күніне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жас балалар арасында «Абай оқулары» ұйымдастырылды.
Тағылымды шара Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен өтіп, өскелең ұрпаққа ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттау, балаларды білімге, өнерге және көркем сөзге баулу мақсатын көздеді.
Байқау барысында жас қатысушылар Абайдың өлеңдерін жатқа әрі мәнерлеп оқып, ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарын танытты.
Шара қорытындысында үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған балаларға қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық балаға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар берілді.
«Абай оқулары» жас ұрпақтың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтіп, ұлы ойшылдың өнегелі мұрасын дәріптеуге бағытталған тағылымды шара болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы