Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара аясында мешіт ауласында жастар мен жас бүлдіршіндерге арналған волейбол ойыны өткізілді. Қатысушылар спорттық белсенділік танытып, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға баулу. Сонымен қатар жастар арасында белсенді өмір салтын дәріптеп, олардың мешітпен байланысын арттыру көзделді.
Мешіт қабырғасында діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстармен қатар, жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін осындай тәрбиелік және спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы