Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар және отбасы» тақырыбында семинар-тренинг өтті
«Жастар және отбасы» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, Халықаралық жастар күніне орай, мешіт жанындағы «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен және Келдібек Қуатбекұлының жетекшілігімен мешіт жастарына арналған «Жастар және отбасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету.

Семинар барысында отбасы құндылықтары, ата-анаға құрмет, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік пен жауапкершілік жөнінде тағылымды әңгімелер айтылып, жастар өз ойларымен бөлісті.

 Жастар – елдің болашағы. Отбасы – қоғамның негізі. Осындай тағылымды кездесулер жастардың рухани дамуына және отбасы құндылықтарын дәріптеуге өз үлесін қосады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz