Саран қалалық мешітінде ұстаз Әмина Алмасқызының бастауымен, шәкірттердің ұйымдастыруымен Әйел-қыздар секторының 10 жылдығына орай қыз-келіншектер арасында қасиетті Құранның «Мүлік» сүресін жатқа оқудан жарыс өтті.
Жарыс барысында қатысушылар «Мүлік» сүресін жатқа мәнерлеп оқып, Құранды дұрыс әрі көркем оқуда өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Жарысқа арнайы қонақ ретінде «Әл-Ғоффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы шақырылып, әділ қазылық танытты.
Жарыс нәтижесінде:
1-орын — Рустамова Хадиджа
2-орын — Есмағамбет Нұрия
3-орын — Жақсыбекова Толғанай
Жарыстан кейін ақ дастархан жайылып, қатысушылар мен қонақтар арасында жылы жүздесу, жақсы әңгіме мен рухани сұхбат өрбіді.
Осындай тағылымды шаралар Құранға деген сүйіспеншілікті арттырып, қыз-келіншектердің білімін жетілдіруге, өзара бауырластық пен сыйластықты нығайтуға үлкен себеп болары сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы