Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде діни білім беру бағытындағы игі іс-шаралардың бірі өтті. «Құран әліппесі» оқуын толық аяқтап, қасиетті Құран Кәрімді жүзінен оқуды бастаған шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.
Салтанатты рәсім барысында мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы шәкірттерді алғашқы жетістіктерімен құттықтап, Құран үйрену – әрбір мұсылман үшін үлкен нығмет әрі өмір бойы жалғасатын сауапты амал екенін атап өтті. Сонымен қатар шәкірттерге алған білімдерін одан әрі жетілдіріп, Құранды дұрыс оқып, оның мағынасын түсінуге ұмтылудың маңыздылығын жеткізді.
Аталған сертификаттар – шәкірттердің Құран әліппесін меңгеріп, қасиетті кәләмді жүзінен оқуға қадам басқанын айқындайтын алғашқы жетістіктің белгісі. Бұл игі бастама олардың Құран ілімін терең меңгеруге деген ынтасын арттырып, рухани кемелдену жолындағы маңызды белес болмақ.
Алла Тағала шәкірттердің ілімдерін арттырып, Құран нұрымен өмірлерін көркейтуді нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы