Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт жамағатына «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында діни экстремизмнің қоғамға, мемлекетке және отбасы құндылықтарына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың, діни білімді сенімді дереккөздерден алудың және күмәнді діни идеологиялардан сақтанудың маңыздылығы айтылды.
Имам жамағатты ата-бабадан жалғасқан дәстүрлі діни жолды ұстануға, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға, сондай-ақ ел тыныштығын сақтауға үлес қосуға шақырды.
Насихат соңында қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, діни мәселелерде сақтық танытып, ресми діни мамандардың кеңесіне жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы