Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің жамағаты шағын футболдан ұйымдастырылған жазғы лига жарысына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағаттары арасындағы ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайту, өзара ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарысқа қатысушылар тартысты да тартымды ойын өрнегін көрсетіп, достық пен сыйластықтың үлгісін танытты. Осындай игі бастамалар жамағат арасындағы бірлікті бекемдеп, жастарды спортпен шұғылдануға ынталандырады.
Айта кетейік, спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне CMK Group компаниясы демеушілік жасап, қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар демеушілік танытып, игі іске үлес қосқан компания басшылығына алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы