Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА «ТЕҢБІЛ ДОП- 2026» ТУРНИРІ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫ: МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА «ТЕҢБІЛ ДОП- 2026» ТУРНИРІ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының бірлесе  ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында футболдан  кезекті «Теңбіл доп - 2026» атты турнир болып өтті. 
 
Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған  доп додасына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған аймаққа қарасты мешіттер арасынан бірнеше команда жасақталып, өзара бақ сынасты.

Дәстүрлі түрде тұрақты өткізіп тұратын турнирдің  мақсаты –мешіт жамағаттары арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ, қоғамға және жамағат арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. 

Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын «Теміртау» мешіті (150 000 тг);
ІІ орын «Төле би» мешіті (100 000 тг);
ІІІ орын «Қамзе» мешіті (50 000 тг).

«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша  Нұрлыбаев Нүркен;
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Жұмағұлов Рашид;
«Үздік қашпашы» номинациясы бойынша Айтқазин Рауан;
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Жұматұров Мұхтар.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz