Center Image
IHSAN.KZ
Ғыйзат қажы мешітінде кезекті сенбілік өтті
Ғыйзат қажы мешітінде кезекті сенбілік өтті

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде шәкірттер мер жамағаттың қатысуымен кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында мешіт ауласы толықтай тазартылып, шөптері орылып, айнала абаттандырылды. Сонымен қатар, аумақтың тазалығы сақталып, көркейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Мұндай игі шаралар – тазалыққа мән беріп, құлшылық ордасының көркеюіне үлес қосудың жарқын көрінісі. Сенбілікке белсене қатысқан жамағат бірлік пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, мешіттің таза әрі жайлы болуына өз үлестерін қосты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz