Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында мешіт шәкірттері Долинка кентінде орналасқан «Карлаг» музейіне тағылымды экскурсия жасады.
Экскурсияның басты мақсаты – жастарға халқымыздың тарихын таныту, өткеннің ауыр кезеңдерін зерделеу, тарихи сананы қалыптастыру және елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Музей қызметкерлері қатысушыларға Карлаг тарихы, сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры мен тарихи деректер туралы жан-жақты мәлімет берді.
Шәкірттер музей экспозицияларымен танысып, халқымыз бастан өткерген қиын-қыстау кезеңдер жайлы мол мағлұмат алды. Танымдық сапар барысында тарихи жәдігерлерді көріп, өткеннен тағылым алып, ел тарихын құрметтеудің маңызын терең түсінді.
Осындай рухани-танымдық іс-шаралар жас буынның тарихи санасын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, туған елдің тарихын танып-білуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы