Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешіті «Дархан дала» жобасы аясында жастармен табиғат аясында бас қосты
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешіті «Дархан дала» жобасы аясында жастармен табиғат аясында бас қосты
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында жастардың қатысуымен табиғат аясында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, өзара достық пен бауырмалдықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және табиғат аясында пайдалы демалыс ұйымдастыру болды.

Кездесу барысында жастар арасында түрлі спорттық ойындар, командалық сайыстар мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ имандылық, ата-анаға құрмет, уақыттың қадірі, достықтың маңызы және қоғамдағы жастардың жауапкершілігі туралы насихат айтылып, еркін пікір алмасу өтті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz