Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында Мұса Шорманның мазарына зиярат жасалды
«Дархан дала» жобасы аясында Мұса Шорманның мазарына зиярат жасалды

Осакаровка ауданында «Дархан дала» жобасы аясында аудан жастары қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Мұса Шорманның бейітіне зиярат жасады.

Зиярат барысында жастар Құран оқып, марқұмның рухына дұға бағыштады. Сонымен қатар Мұса Шорманның өмір жолы, ел игілігі жолындағы еңбегі және ұлт тарихындағы орны жайында тағылымды әңгіме өрбіді.

Шараның мақсаты – жастардың тарихи танымын кеңейту, туған өлкенің киелі орындарын таныстыру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Осындай тағылымды сапарлар жас ұрпақтың туған жер тарихына деген құрметін арттырып, ата-баба мұрасын қастерлеуге, елдік құндылықтарды бағалауға және рухани тәрбиесін нығайтуға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz