Center Image
IHSAN.KZ
ҚАМҚОР-ШАРАПАТ ОРТАЛЫҒЫНА КАТАФАЛК АРБАСЫ МЕН ЗЕМБІЛ (НОСИЛКА) УАҚЫП ЕТІЛДІ
ҚАМҚОР-ШАРАПАТ ОРТАЛЫҒЫНА КАТАФАЛК АРБАСЫ МЕН ЗЕМБІЛ (НОСИЛКА) УАҚЫП ЕТІЛДІ

Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің жанынан ашылған «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығына Бұқар жырау аудандық ауруханасы тарапынан катафалк арбасы мен зембіл (носилка) уақып етілді.


Игі тартуды аудан имамы Ерлан Мамайұлы арнайы қабылдап алып, аудандық аурухана ұжымына және осы қайырымды іске үлес қосқан азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.


Уақыпқа берілген катафалк арбасы мен зембіл (носилка) жаназа және жерлеу рәсімдері кезінде марқұмды тасымалдау жұмыстарында пайдаланылып, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының халыққа көрсететін қызмет сапасын арттыруға өз үлесін қосады.


Шара барысында аудан имамы уақып жасаудың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталып, мұндай игі істердің сауабы үзілмейтін садақа екенін айтып, барша азаматтарды қайырымдылыққа үндеді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz