Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорындарда кезекті жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын«Халал Даму»-дың бас технолог маманы Әселхан Сәбитқызы орындады.
Аудит жұмыстарының мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің талапқа сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізат көздері және дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы мен технологиялық тәртіптің орындалуына ерекше назар аударылды.
Аудит жұмыстарына «Халал Даму» ұйымының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы да арнайы қатысып, кәсіпорын өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға халал стандарттарын жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар беріліп, талаптарды тұрақты сақтау мәселелері бойынша әдістемелік түсіндірмелер ұсынылды.
Айта кетейік, жоспарлы аудит аясында келесі кәсіпорындар тексерілді: «Hani Brunch» кофеханасы, «Alaqai» жартылай дайын өнімдер өндірісі, «Aknar» жартылай дайын өнімдер өндірісі, «Premium A» шұжық өндірісі, «Hani» кондитерлік өнімдер цехы, «Firdaus» тамақтану орны, «WABERMA» фаст-фуд желісі, «Uskudar» тамақтану орны, «Janelle» кондитерлік өнімдері, «Dala» тамақтану орны, «Damdi и точка» тамақтану орны, «Kids Park» тамақтану орны, «Master Kofe» кофеханасы, «Erkelet Buket» кондитерлік өнімдері және «Karak Home» қоғамдық тамақтану орны.
Мұндай жоспарлы аудиттер тұтынушылардың сенімін арттыруға, кәсіпорындардың халал талаптарын тұрақты сақтауына және еліміздегі халал индустриясының сапалы дамуына өз үлесін қосады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы