Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында жас отбасыларға арналған тағылымды кездесу өтті.
Шара барысында мешіт имамы Ерлан Мамайұлы «Отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтып, отбасының қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық, мейірім, сабыр мен түсіністіктің берекелі отбасының негізі екендігін түсіндіріп, бала тәрбиесінде ұлттық және діни құндылықтарды ұстанудың маңызын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, отбасы институтын нығайтуға бағытталған мұндай рухани басқосулардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы